Accessibility links

АҚШ коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасын жасөспірімдерге салуға рұқсат берді


АҚШ азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын қадағалау жөніндегі агенттік (FDA) коронавирусқа қарсы Pfizer-BioNTech вакцинаны 12-15 жастағы жасөспірімдерге салуға рұқсат берді.

"Бұл қадам жастарды коронавирустан қорғауға және індетті тежеп, қалыпты өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді. Агенттік қолда бар барлық мәліметті мұқият зерттеді, бұған ата-аналар мен қамқоршылардың күмәні болмасын" делінген FDA комиссар міндетін атқарушы Джанет Вудкок мәлімдемесінде.

АҚШ президенті Джо Байден бұл шешімді "коронавируспен күресте үлкен нәтиже беретін қадам" деп атады.

Ауруды бақылау және алдын алу орталығының вакцина жөніндегі кеңесі сәрсенбі күні жиналып, вакцинаны жасөспірімдерге салу бойынша ұсынылатын рекомендацияларға дауыс береді.

Қазір АҚШ-та Pfizer вакцинасын 16 жастан асқандар салдыра алады. АҚШ нарығында бар қалған екі вакцина – Moderna мен Johnson & Johnson тек ересектерге ғана рұқсат етілген.

Pfizer қыркүйек айында Covid-ке қарсы вакцинаны 2 мен 11 жастан аралығындағы балаларға шұғыл пайдалануға рұқсат сұрауды көздеп отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG