Accessibility links

Тоқаев Конституциялық кеңестен адвокат қызметі туралы заңды қайта қарауды сұрады


Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қараша айы, 2020 жыл.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев. Қараша айы, 2020 жыл.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңестен "Адвокат қызметі туралы" заңға енетін өзгерістер толықтырулардың Конституция нормаларына сәйкестігін тексеруді сұрады. Бұл туралы ведомство сайты хабарлады.

Ведомство осы іс бойынша конституциялық кеңес отырысына материалдар дайындау жұмыстары басталғанын хабарлап, адвокаттардан жобаға байланысты өздерінің пікір-ұстанымдарын жеткізуді сұрады.

Бұл жайлы алғаш рет бір күн бұрын адвокат Айман Омарова Facebook желісінде жазған.

Бұған дейін елдегі бірқатар заңгерлер мен адвокаттар “Адвокат қызметі және заңгерлік көмек” (Құжаттың толық атауы – "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деп аталады) туралы заңға енгізілетін түзетулерді алып

тастауға шақырған еді. Олар “заңгерлер, адвокаттардың ісін реттеуге” бағытталған түзетулер шын мәнінде заңгерлерді мемлекетке бағындыруды көздейді. Тәуелсіз сала мемлекетке бағынса, елде тәуелсіз заңгерлер қалмайды деп алаңдаған. Олар соған байланысты митинг де өткізбек болған.

Ал әділет министрлігі адвокаттардың уәждерімен келіспеген.

Аталған заң жобасы сәуір айында парламентте талқылаудан өтіп, президентке қол қоюға жіберілген. Парламентте осыған дейін жобадағы кейбір түзетулер бойынша шешім қабылдайтын келісім комиссиясы жұмыс істеген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG