Accessibility links

Тәжікстанда селден кем дегенде 9 адам қаза болды


Тәжікстандағы сел. 11 мамыр 2021 жыл.
Тәжікстандағы сел. 11 мамыр 2021 жыл.

Тәжікстанның батысында қалың жауыннан кейін сел жүріп, тоғыз адам қаза тапты. Селден Хатлон облысы көп зардап шеккен. Бұл туралы Тәжікстан төтенше жағдайлар комитеті хабарлады.

Комитеттің мәліметінше, мерт болғандардың сегізі – Хатлон облысындағы Куляб қаласының, Шамсиддини Шохин, Кушониён, Вахш аудандарының тұрғындары. Ал бір марқұм – Душанбеден 15 шақырым жердегі Гиссар қаласының тұрғыны.

Тәжік билігі 11 мамырда болған сел көптеген үйлерді, көпірлерді және басқа да ғимараттарды бүлдіргенін мәлімдеді. Төтенше жағдай комитеті 14 мамырда да қалың жауын күтіледі деп хабарлап, жұртты таулы аймақтарға бармауға шақырды.

Селден зардап шеккен ауыл тұрғындарының біразы Азаттықтың Тәжік қызметіне билік тұратын жер бермеді, көмек көрсетпеді деп шағымданды.

Тәжікстан аумағының 93 пайызы таулы аймақ. Бұл елде сел мен көшкін жиі болып, ондаған адамның өмірін алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG