Accessibility links

"Заңда әзілге тыйым салынбаған". Баспасөз қорғау ұйымы сатиралық пост авторына араша түсті


Темірбек Еңсебекті қолдап, полиция ғимараты алдына келген Oyan, Qazaqstan белсенділері. Алматы, 15 мамыр 2021 жыл.
Темірбек Еңсебекті қолдап, полиция ғимараты алдына келген Oyan, Qazaqstan белсенділері. Алматы, 15 мамыр 2021 жыл.

"Әділ сөз" баспасөз қорғау ұйымы сатиралық материал жариялағаны үшін істі болған Инстаграмдағы Qaznews24 парақшасының жетекшісі Темірлан Еңсебектің ісіне байланысты реакция білдірді. 17 мамырда жариялаған мәлімдемесінде ұйым "274-баптың сатира мен әзілге еш қатысы жоқ" екенін, сатиралық материалдардың қоғамға еш қаупі жоқ екенін атап өткен. Еңсебек осы бап бойынша қозғалған істе куәгер танылған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

"Темірлан Еңсебектің жазбалары интернетте ескертулермен жарияланды, яғни, онда жазбалардың "әзіл аралас фейк жаңалықтар" екені ескертілді. Бірақ полицейлер "әзіл", "сатира" сияқты ұғымдармен таныс емес сияқты. Бұған қоса, полициядағылар сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беретін Қазақстан Конституциясын жақсы білмейтін секілді (20-бап) болып көрінді" делінген мәлімдемеде.

Бұған қоса, "Шекарасыз тілшілер" журналистер құқығын қорғау ұйымы (RSF) да Еңсебектің тергелуіне байланысты мәлімдеме жасап, Қазақстан билігін сөз бостандығын құрметтеуге шақырды.

"Сатира - қылмыс емес" дейді ұйым.

15 мамырда полицейлер Еңсебектің үйіне тінту жүргізіп, кеңсе техникасын алып кеткен. Өзін бірнеше сағат тергеп, босатқан.

Осыған дейін журналистер қауымы ішкі істер министріне үндеу жолдап, Еңсебекті қудаламауды, "жалған ақпарат тарату" бабын репрессия мақсатында пайдаланбауды, істің ашық жүргізілуін талап еткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG