Accessibility links

Байден өзге елдерге АҚШ-та мақұлданған вакцинаның 20 миллион дозасын жібереді


АҚШ президенті Джо Байден маусымның соңына дейін өзге елдерге коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде 20 млн дозасын жібереді. Байденнің сөзіне қарағанда, ол жаққа АҚШ-та мақұлданған Pfizer/BioNTech, Moderna және Johnson & Johnson вакциналары жеткізілмек.

Осыған дейін АҚШ AstraZeneca-ның 60 млн дозасын да вакцина зәрулігі мәселесімен кезігіп отырған елдерге жібермек болған. Бірақ Американың дәрі-дәрмекке жауапты ресми орыны аталған екпені әзірге мақұлдамаған.

“Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Американың демократия арсеналы болған сияқты коронавируспен күрес кезінде де еліміз вакцина арсеналына айналды” деді Байден.

Ол өзге елдерге қарағанда АҚШ-тың әлдеқайда көп вакцинаны шетелге жіберетінін атап өтті.

Дүйсенбі күнгі ақпарат бойынша, АҚШ-та 272 млн-нан астам адамға Covid-ке қарсы вакцина салынған және 340 млн доза таратылған.

Халықтың ересек бөлігінің 60 пайыздан астамы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. Бұл әлем бойынша жоғары көрсеткіш. Халықаралық ұйымдар Байденді көптен бері өзге елдерге вакцина жіберуге шақырып келеді, бірақ ол бұған дейін әуелі АҚШ-тың өзінде індеттің бетін қайтарып алайық деп жауап берген болатын.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG