Accessibility links

Газаның Израильге соққысынан екі адам мерт болды


Израильдің Газаны соққылауынан кейін қираған алты қабатты ғимарат орнында кетіп бара жатқан ер адам. 18 мамыр 2021 жыл.
Израильдің Газаны соққылауынан кейін қираған алты қабатты ғимарат орнында кетіп бара жатқан ер адам. 18 мамыр 2021 жыл.

Газаның зымыран шабуылынан Израиль оңтүстігінде екі тайландтық жұмысшы мерт болды. Израиль тарабынан жасалған соққы Палестина аумағындағы тағы бір көп қабатты ғимаратты қиратты. Израиль мен ХАМАС тобы арасында соңғы жылдары болмаған ірі қақтығыс жалғасып жатыр.

Батыс жағалауда оның ішінде Рамаллах қаласында 18 мамырда тәртіпсіздік тұтанып, Палестинаның жүздеген тұрғыны резеңке өртеп, Израильдің әскери бақылау пунктіне тас лақтырды. Әскер жиналған топқа көзден жас ағызатын газ шашты.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі шұғыл отырыс өткізеді. Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху "қанша шабуыл қажет болса, сонша соққы" жасай беретінін мәлімдеді.

Газаның денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Израиль тарабынан жасалған зымыран соққыларынан Газада 215 палестиналық (61-і бала) қаза болды, 1400-ден астам адам жараланды.

Ал Газаның Израильге жасаған соққыларынан 12 адам қаза болған, жарақаттанғандар да бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG