Accessibility links

ХОК: Токиода коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жарияланса да Олимпиада өтеді


Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты өтеді деген Жаңа ұлттық стадион маңында жүрген адамдар. Токио, Жапония. 24 шілде, 2019 жыл.
Олимпиаданың ашылу және жабылу салтанаты өтеді деген Жаңа ұлттық стадион маңында жүрген адамдар. Токио, Жапония. 24 шілде, 2019 жыл.

Токиодағы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар қалада Covid індетіне байланысты төтенше жағдай жарияланған күннің өзінде халықаралық спорт жарысы өткізілетінін мәлімдеді. Ал Жапонияның өзінде Олимпиада өткізуге наразылық күннен күнге артып барады. Тұрғындар халықаралық жарыс коронавирус инфекциясының жылдам тарауына түрткі бола ма деп қауіптенеді.

"Спортшылар мен Жапония халқының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты жоспарымыздың бәрі ең нашар деген сценарийлерге негізделген" деді Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) вице-президенті Джон Коутс. "Олимпиада ойындары Токиодо төтенше жағдай болса да өткізіле бере ме?" деген журналист сауалына ол "Әрине, өткізіледі" деп жауап берді.

Токиодағы Халықаралық Олимпиада ойындарының басталуына тоғыз апта уақыт қалды. Бұл жарыс былтыр өтуі тиіс еді, бірақ пандемияға байланысты ойын бір жылға шегерілген.

Жапония коронавирус індетінің төртінші толқынымен күресіп жатыр. Екпе науқаны баяу болғандықтан, халықтың біраз бөлігі Олимпиаданы биыл өткізу жоспарына күмәнмен қарайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG