Accessibility links

Италиялық Maneskin тобы Eurovision байқауының жеңімпазы атанды


Maneskin тобы Eurovision кубогын алған сәт. 22 мамыр 2021 жыл.
Maneskin тобы Eurovision кубогын алған сәт. 22 мамыр 2021 жыл.

Нидерланд елінің Роттердам қаласында өткен Eurovision (Евровидение) ән байқауында италиялық Maneskin тобы жеңімпаз атанды. Олар әділқазылар бағасы мен көрермендер дауысын қосқанда 524 ұпай жинады.

Екінші орынды франциялық Варвара Прави (499), үшінші орынды швейцариялық әнші Gjon’s Tears (432) алды. Төртінші орында - Исландия, бесінші орында - Украина.

Ресей атынан сынға түскен үлты тәжік әнші Манижа тоғызыншы орынды иеленді.

Бұл конкурс 2020 жылы коронавирус пандемиясына байланысты өтпей қалған. Биылғы байқауға қырыққа жуық ел қатысты. Конкурс алдында ұйымдастырушы Еуропа хабар тарату одағының (European Broadcasting Union – EBU) Беларусьті байқаудан шектеткен. EBU беларусьтік "Галасы ЗМеста" тобының "Я тебя научу" ("Мен саған үйретемін") әні "саяси тақырыпта" деген.

Биылғы конкурсқа Армения елі де "ел ішінде іріктеуді уақытында өткізіп үлгермегендіктен" қатыспады.

Келер жылғы конкурс жеңімпаз ел - Италияда өтеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG