Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 22 мамырда елде 2167 адамнан коронавирус табылған. Ал 21 мамырдағы есепке сай, Covid індетінен 25 адам қайтыс болған, 86 адам "коронавирус пневмониясына" шалдыққан.
Қазір елде барлығы 373 182 адамнан коронавирус табылған. 2020 жылдың 13 наурызынан бері ресми түрде 3787 адам коронавирустан қайтыс болған.
Министрлік "коронавирус пневмониясының" есебін (ПТР тесті теріс, бірақ Covid белгілері бар) 2020 жылдың 1 тамызынан бастап жүргізіп келеді. Ал оған дейінгі осы індетпен ауырғандардың есебі ресми статистикаға енбей қалған. Осы уақытқа дейін ресми түрде 54 691 адам "пневмонияға" шалдығып, 3340 адам қайтыс болған.
Өткен аптада министрлік індет басталғалыбір жыл төрт ай ішінде тіркелген деректер "нақтыланғаннан кейін" Covid дертінен қайтыс болғандар дерегіне 2 мыңнан астам адам өлімін енгізген.
Қазір елде 34 003 адам Covid дертінен емделіп жатыр. Олардың 12 968 адам ауруханада. 744 адамның жағдайы ауыр, 172 науқастың жағдайы өте ауыр. 93 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.
Министрлік дерегінше, елде 23 мамырға дейін 1,98 млн адам коронавирусқа қарсы екпенің бір дозасын, 918 мыңдай адам екі дозасын алған. Қазақстан жұртқа ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және БАӘ елінде жасалған қытайлық Sinopharm компаниясының вакцинасын егіп жатыр.
8 мамырда америкалық IHME зерттеу орталығы 20 елдегі өлім деңгейін саралаған. Иститут Қазақстанда коронавирустан 81 696 адам қайтыс болған деп есептеген. Демек, IHME есебінше бұл елде коронавирустан көз жұмғандар ресми статистикадан 14,5 есе көп. Қазақстан денсаулық сақтау министрлігі америкалық институттың дерегін жоққа шығарған.
АҚШ-та орналасқан Джонc Хопкинс университетінің есебінше әлемде 166 млн адам коронавирусқа шалдыққан. 147 млн адам дерттен айықса, 3,4 млн адам қайтыс болған.
ПІКІРЛЕР