Accessibility links

Беларусь түрмесінде көз жұмған саяси тұтқынның денесі туыстарына берілді


Беларусь тергеу комитеті тарақан видеодан көрініс. 25 мамыр 2021 жыл.
Беларусь тергеу комитеті тарақан видеодан көрініс. 25 мамыр 2021 жыл.

Беларусьте Шклов қаласындағы түрмеде көз жұмған саяси тұтқынның денесі туыстарына берілді, мәйіттің басы бинтпен ораулы болған. Бұл туралы отбасының таныстары жергілікті ақпарат агенттіктеріне хабарлаған. Витольд Ашуроктың қайтыс болғаны өткен жұма күні хабарланған, бірақ оның мәйіті туыстарына тек сейсенбі күні күндіз ғана берілген. Тұтқынның неден қайтыс болғаны белгісіз.

50 жастағы Ашурок билікке қарсы наразылық шараларына қатысқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылған. Оған қаңтар айында сот үкімі шықты. Түрме әкімшілігі туыстарына оның жүрегі тоқтап қалғанын айтқан. Осы апта басында Ашуроктың әйелі ақпарат құралдарына марқұм күйеуінің ешқашан жүрек ауруына шағымданбағанын жеткізген.

Белсендінің мәйітін алу үшін марқұмның туыстарымен бірге мәйітханаға барған отбасының танысы, журналист Ольга Быковская "Белсат" агенттігіне Ашуроктың "басы маңдайынан бастап мұрнына дейін бинттелгенін, тек ауызы ғана көрініп тұрғанын" хабарлаған. Бірақ Ашуроктың отбасы бұл жөнінде сөйлесуге ықылас танытпаған. Быковскаяның сөзіне қарағанда, туыстары қосымша сараптама жасаудан да бас тартқан.

Сейсенбі күні кешке Беларусь тергеу комитеті колониядан түсірілген монтаждалған видео жариялады. Онда саяси тұтқын Ашуроктың белгісіз себеппен екі рет құлағаны көрінеді. Бірінші рет құлағаннан кейін түрме қызметкерлері оның басын бинтпен орай бастаған. Азаттық видеодағы адам Ашурок па, жоқ па, ол жағын анықтай алмады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG