Accessibility links

НАТО Беларусьті айыптап, Роман Протасевичті босатуға шақырды


НАТО елдерінің тулары.
НАТО елдерінің тулары.

НАТО-ның саяси шешімдер қабылдайтын негізгі органы Солтүстікатлантикалық кеңес Ryanair ұшағын 23 мамырда Минскіге мәжбүрлеп қондыруды қатаң айыптады. Әскери блок журналист Роман Протасевичтің ұсталуын "саяси өзгеше ойлау принципі мен еркін баспасөзге қол сұғушылық" деп атады.

НАТО мүшелері Беларусьті Роман Протасевич пен жүретін қызы София Сапеганы дереу босатуды талап етті.

"Мұндай әрекет азаматтық авиация қызметін реттейтін нормаларды бұзып, жолаушылар мен экипаждың өміріне қауір төндірді" делінген НАТО баспасөз қызметінің 26 мамыр күнгі мәлімдемесінде.

Солтүстікатлантикалық одақ оқиғаны дереу тәуелсіз зерттеуді қолдады, сонымен бірге одақтастардың осы оқиғаға жеке әрі ұжым болып реакция танытып, шаралар қолдануын жылы қарсы алды.

НАТО мәлімдемесінде дипломаттары Беларусьтен "негізсіз" шығарылған Латвияны қолдайтынын жеткізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG