Accessibility links

Covid: Қазақстанда вакцинаның екі дозасын алғандар миллионнан асты


Екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.
Екпе пункті. Алматы, сәуір айы 2021 жыл.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алғандар миллионнан асты. 28 мамыр күнгі мәлімет бойынша, елде 1 млн 21 мың 100 адамға (халықтың 5,3 пайызы) вакцинаның екі дозасы салынған. Министрліктің мәліметінше, вакцинаның алғашқы компонентін 2 млн 76 мың адам (халықтың 10,8 пайызы) алған.

Өткен тәулікте шамамен 20 мың адамға вакцина егілген. Бейсенбі күні бұл көрсеткіш бойынша Түркістан облысы (3,3 мың), Алматы қаласы (2,2 мың адам), Алматы облысы (1,9 мың адам) мен Шығыс Қазақстан облысы (1,9 мың адам) алға шыққан. Жалпы вакциналау қарқыны төмендегідей:

  • Алматы қаласында – 302,4 мың адам (15,3 пайыз) вакцинаның алғашқы дозасын алған;
  • Шымкент – 172,9 мың (15,8%);
  • Алматы облысы – 216,5 мың адам (10,4%);
  • Түркістан облысы – 194,7 мың адам (9,5%);
  • Қарағанды облысы – 158,5 мың (11,4%);
  • Нұр-Сұлтан – 158,4 мың (13,2%);
  • Шығыс Қазақстан облысы – 136,4 мың (10,1%);
  • Жамбыл облысы – 105,5 мың (9,2%);
  • Қызылорда облысы – 83,8 мың (10,1%);
  • Қостанай облысы – 83,7 мың (9,6%);
  • Павлодар облысы – 80,6 мың (10,5%);
  • Ақтөбе облысы – 79,6 мың (9%);
  • Ақмола облысы– 72,8 мың адам (9,8%);
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 71,4 мың (13,2%);
  • Батыс Қазақстан облысы – 67,3 мың (10%);
  • Атырау облысы – 53,2 мың (7,9%);
  • Маңғыстау облысы – 39,1 мың (5,4%).

Үкімет бұған дейін мамыр айында екі миллион адамды вакцинадан өткіземіз деп мәлімдеген еді. Жергілікті ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, үкімет сәуір айында да солай деп мәлімдеген.

Шамамен 19 млн тұрғыны бар Қазақстанда коронавирусқа қарсы екпе салу науқаны ақпан айында басталған. Бірінші кезекте медицина қызметкерлері, мұғалімдер, күштік құрылым қызметкерлеріне салынды. 1 сәуірде өзге категориядағы азаматтарға салына бастады.

Елде ресейлік "Спутник V" вакцинасымен қатар қазақстандық QazVac және БАӘ-де өндірілген қытайлық Sinopharm компаниясының вакцинасы пайдаланылып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG