Accessibility links

Еуроодақта Pfizer вакцинасын жасөспірімдерге салуға рұқсат берді


Коронавирусқа қарсы вакцинаны қыз балаға егіп жатқан медицина қызметкері.

Еуроодақта 12 жас пен одан асқандар коронавирусқа қарсы BioNTech/Pfizer вакцинасын салдыра алады. Еурокомиссия 31 мамырда жасөспірімдерге вакцина салуды мақұлдады, бір апта бұрын Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі аталған топқа екпе егуді мақұлдаған.

"Одаққа мүше елдер енді жастар арасында вакциналау ауқымын кеңейте алады" деді Еуропаның денсаулық жөніндегі комиссары Стелла Кириакайдс Twitter-де.

Еуроодақта алғаш рет коронавирусқа қарсы вакцинаны 16 мен оған жетпегендерге салу ұсынылып отыр. Бұған дейін АҚШ пен Канада коронавирусқа қарсы BioNTech/Pfizer вакцинасын жасөпсірімдерге салуды мақұлдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG