Accessibility links

Қазақстанда тағы 1442 адамнан коронавирус пен пневмония анықталды


Коронавирус індеті туралы ілінген баннерлер маңында кетіп бара жатқан тұрғындар.
Коронавирус індеті туралы ілінген баннерлер маңында кетіп бара жатқан тұрғындар.

Өткен тәулікте 1319 адамның анализінен коронавирус анықталған. Екі күн бұрынғы мәлімет бойынша, 123 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 21 адам қайтыс болған: 18 адам - коронавирустан, 3 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмған.

1 маусымда Қарағанды облысында – 220, Нұр-Сұлтанда – 218, Алматыда – 208, Ақмола облысында – 77, Алматы облысында – 54, Павлодар облысында – 58, Батыс Қазақстан облысында 91 адамнан коронавирус анықталды. Шымкентте – 46, Ақтөбе облысында – 20, Атырау облысында – 82, Шығыс Қазақстан облысында – 70, Жамбыл облысында – 23, Қостанай облысында – 39, Қызылорда облысында – 7, Маңғыстау облысында – 53, Солтүстік Қазақстан облысында – 37, Түркістан облысында 16 науқас тіркелген.

Індет басталғалы бері 388 991 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 26 мыңға жуығы емделіп жатыр. 3992-і қайтыс болған.

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясына шалдыққандар 55 386 адамға жетті. 3372-і қайтыс болған. Қазір 581-і емделіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 609 науқастың жағдайы ауыр, 139 науқастың жағдайы өте ауыр, 84 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Соңғы мәлімет бойынша, 2 млн 145 мың адам коронавирусқа қарсы вакцинаның кемінде бір дозасын алған. 1 млн 96 мың адам екі дозасын алған. Азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының вакцинасы егіліп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 171 млн 34 мың адамнан коронавирус анықталған. 3 млн 557 мың адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG