Accessibility links

Алматы соты ХАТУ ректоры мен есепшісінің жазасын өзгертпеді. Олар жемқорлық айыбымен сотталған еді


Көрнекі сурет.

Алматы қалалық соты Халықаралық ақпараттық технология университетінің (ХАТУ) ректоры мен бас есепшісіне берілген жазаны өзгертпеді. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сүйенген zakon.kz хабарлады.

Ресми хабарламада апелляциялық соттың оқу орны басшысы мен қызметкеріне берілген ең ауыр жаза – 8 жыл түрме жазасын өзгертпегені жазылған.

Соттың мәліметінше, 2013 жылы ақпан пен 2018 жылдың қараша айында айыпталушылар бюджеттен 1 млрд 700 млн теңге көлемінде "ақша жымқырған".

Былтыр күзде бірінші инстанциядағы сот Дамир Шыныбеков пен Жанайым Спабекованы "Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу" (Қылмыстық кодекстің 189-бап, 4-тармағы) бабы бойынша кінәлі деп тапқан. Спабекова бұған қоса "заңсыз жолмен алынған ақшаны заңдастыру" бабы бойынша да кінәлі танылған еді.

"Сот олардың ақшаны қайтармағанын ескеріп, бас бостандықтарынан айырды" деді қалалық соттың баспасөз қызметі. Бұған қоса, екі айыпталушыға да материалдық жауапкершілікпен байланысты қызметпен 5 жыл айналысуына тыйым салынған.

41 жастағы Дамир Шыныбеков - экономика ғылымдарының докторы, Алматы қаласының Бостандық аудандық мәслихатының депутаты болған. Ол 2009 жылы Алматыдағы Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің ректоры болып тағайындалған. Қызметінен 2019 жылы көктемде кеткен. Маусым айында оның қамалғаны хабарланған.

Қарай отырыңыз: Қазақстандағы университеттер кімнің меншігі? Зерттеу (Мамыр айы, 2021 жыл).

Зерттеу: Қазақстандағы университеттер кімнің меншігі?
please wait

No media source currently available

0:00 0:22:51 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG