Accessibility links

Гонконгте Тяньаньмэнь қырғыны құрбандарын еске алу шарасын ұйымдастырған белсенді ұсталды


Тяньаньмэнь қырғынының құрбандарын еске алған топты бақылап тұрған полиция. Сәуір айы, 2021 жыл.
Тяньаньмэнь қырғынының құрбандарын еске алған топты бақылап тұрған полиция. Сәуір айы, 2021 жыл.

Гонконг полициясы Тяньаньмэнь қырғыны құрбандарын еске алу шарасын ұйымдастыруға атсалысқан демократиялық қозғалыс жетекшісін ұстады. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары хабарлады.

Қытайдағы патриоттық деморатиялық қозғалысты қолдау альянсы төрағасының орынбасары Чоу Хан Тунг 4 маусымда таңертең ұсталған.

Полиция оқиғаға түсініктеме бермеді, бірақ полициядағы құпия дерекөзі AFP агенттігіне белсендінің заңсыз жиынға шақырды деген күдікке ілініп отырғанын айтқан.

Чоу 1989 жылы Пекиннің Тяньаньмэнь алаңында болған қырғын құрбандарын еске алу шарасын ұйымдастырған. Қала билігі коронавирус індетін алға тартып, азаматтарға осымен екінші жыл еске алу шарасын өткізуге мүмкіндік бермей отыр.

37 жастағы Чоу белсенділерді қудалау жалғасып жатқан Гонконгте қамалмай қалған санаулы белсенділердің бірі еді. Гонконг ақпарат құралдарының жазуынша, төрт полиция қызметкері келіп, оны кеңсе маңынан ұстаған.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Тяньаньмэнь қырғынына байланысты жасаған мәлімдемесінде АҚШ "қытай үкіметінен адам құқығын құрметтеуді талап еткен Қытай азаматтарын бұдан әрі қарай да қолдай береді" деп жазды.

Оқи отырыңыз: 1989 жылы Қытай әскері Тяньаньмэнь алаңындағы шерушілерді басып-жаншыған. Оқиға хроникасы

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG