Accessibility links

"Вакцина төңірегінде негатив көп". Қазақстан AstraZeneca-мен келіссөзді тоқтатты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан коронавирусқа қарсы AstraZeneca вакцинасын өндірушілермен келіссөзді тоқтатты. Бұл туралы жұма күнгі брифинг кезінде "СК-Фармация" компаниясы басқармасының төрағасы Ерхат Есқалиев хабарлады.

"Барлық өндірушілермен келіссөз жүргізіліп жатыр, AstraZeneca-мен келіссөз тоқтатылды, себебі вакцина төңірегінде негатив көп" деді Есқалиев.

Оның сөзіне қарағанда, Pfizer вакцинасын өндірушілермен келіссөз жалғасып жатыр, алайда компания әзірге екпені жеткізу кестесін көрсетпеген.

Ағылшын-швед компаниясы мен Оксфорд университеті бірігіп жасаған AstraZeneca (2 дозалы) вакцинасы адам ағзасында тромбтардың түзілуіне ықпал етуі мүмкін деген ақпаратқа алаңдаған кейбір елдер осыған дейін аталған вакцинаны пайдалануды шектеген еді. Ал Еуропаның реттеуші органы вакцинаның қауіпсіз әрі тиімді екенін айтқаннан кейін Еуропада вакциналау науқаны жалғасқан.

Наурыз айының соңында AstraZeneca компаниясы қайта тексерістен соң препараттың тиімділігін 85 пайыздан 79 пайызға түсірген.

Қазақстанда қазір азаматтарға ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac және қытайлық Sinopharm және "Sinovac Biotech Ltd" компаниясының CoronaVac (Sinovac) вакцинасы егіліп жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG