Accessibility links

Оппозициялық саясаткер Дмитрий Гудков Ресейден кетті


Дмитрий Гудков.
Дмитрий Гудков.

Ресейлік оппозициялық саясаткер, бұрынғы депутат Дмитрий Гудков өзінің қолдан ұйымдастырылған іс бойынша ұсталуы мүмкін екенін айтып, Ресейден кеткенін хабарлады. Ол 1 маусымда Мәскеуде ұсталып, екі күннен соң босатылған. Саясаткер бірнеше жыл бұрын жалдап тұрған пәтерінің ақшасын төлемеді деген күдікке ілінген.

Бір күн бұрын ол Facebook желісінде президент әкімшілігіне жақын бірнеше дереккөзі егер елден кетпесе, үстінен жалған қылмыстық іс ашып, қамайтынын ескертті деп жазған.

Гудков "белсенділерді жаппай қудалау ісі" бойынша тергеуге ілінген Кремль сыншыларының бірі. Ресей оппозициясының жетекшісі Алексей Навальный қаңтар айында Германиядан келген бетте әуежайда ұсталып, "шартты жазаны өтеу ережесін бұзғаны үшін" 2,5 жыл түрмеге кесілген.

Гудковтың пікірінше, қыркүйек айында өтетін парламент сайлауы қарсаңында билік оны елден кетуге мәжбүрлеп отыр. Гудков бұрын парламент депутаты болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG