Accessibility links

Ресей Иранды тыңшылыққа қолайлы спутниктерімен қамтамасыз етпек


Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының аэроғарыш бөлімінің жетекшісі Noor спутнигінің маңында тұр. Сәуір, 2020 жыл.
Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының аэроғарыш бөлімінің жетекшісі Noor спутнигінің маңында тұр. Сәуір, 2020 жыл.

АҚШ және Таяу Шығыс елдерінің бұрынғы және қазіргі шенеуніктерінің сөзіне сүйенген Washington Post басылымы Ресей Иранды озық технологиялы спутник жүйесімен қамтамасыз етуге дайындалып жатыр деп жазды. Жаңа спутниктер Тегеранның барлау жүйесінің көш ілгері жылжуына ықпал етуі мүмкін.

Ақпаратқа қарағанда, Ресейде әзірленген Канопус-V спутнигі мен оның алысты барлай алатын камерасы бірнеше ай ішінде іске қосылуы ықтимал. Иранның ядролық бағдарламасын шектеуге бағытталған халықаралық келісімді жаңғырту бойынша пікірталас жалғасып жатқан шақта және АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей басшысы Владимир Путиннің Женевадағы кездесуі қарсаңында осындай хабар тарап отыр. Еуропада сапарлап жүрген Джо Байден Ресей ықпалы мен оның әрекетіне байланысты алаңдаушылық білдірген. Вашингтон Ресейдің кейінгі әрекеттерін халықаралық тәртіп пен қауіпсіздікке төнген қауіп ретінде бағалаған.

Washington Post басылымының жазуынша, Ресей сыртқы істер министрі мақалада жазылған жайттарға байланысты электронды хатпен жіберілген сауалдарға жауап бермеген.

Былтыр Noor-1 спутнигін орбитаға аман-есен шығарғанына қарамастан Иран армиясы әскери барлау спутниктерін тиімді пайдалана алмай келеді. Басылымның ақпаратына қарағанда, Канопус-V спутнигі жұртқа бейбіт мақсатта қолданылатын құрал ретінде таныстырылған. Бірақ басылым сөйлескен дереккөздерінің айтуынша, Ресеймен спутник бойынша келісім жасасуға Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының өкілдері араласқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG