Accessibility links

Женевада Байден мен Путин кездесуі басталды


 АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин Женевадағы кездесуде. 16 маусым 2021 жыл.
АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путин Женевадағы кездесуде. 16 маусым 2021 жыл.

Бүгін, 16 маусымда Женевада АҚШ президенті Джо Байден мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі басталды. Екеуі президент ретінде алғаш рет кездесіп отыр. Байден мен Путин кездесуі Мәскеу мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас нашарлаған тұста өтіп жатыр.

Екі елдің басшысы саммиті Женева қаласының жекеменшігі саналатын Ла Гранж тарихи вилласында өтеді. Келіссөз Нұр-Сұлтан уақытымен 17:25 кезінде басталып, бес сағатқа созылады деп жоспарланған. Кездесуден соң екі елдің президенті жеке-жеке баспасөз мәслихатын ұйымдастыруы тиіс. Саммит кезінде қандай да бір құжатқа қол қойылатын-қойылмайтыны айтылған жоқ.

Путин Женеваға бүгін, 16 маусым түс ауа жетті. Ал Байден 15 маусымда келген.

Кездесу алдында екі тарап келіссөз тәртібі бір-біріне сай келмейтінін мәлімдеген. Мәскеу ғаламдық қауіпсіздік, қарулануды шектеу және геосаяси мәселелерді талқылағысы келеді. Ал АҚШ Ресейге нақты талаптар қойып, кибершабуыл, ресейлік арнайы қызметкерлердің шетелдегі операциялары, оппозицияны, соның ішінде Алексей Навальныйды қудалау, баспасөз еркіндігі, Украинаның шығысындағы және Минскідегі жағдайды талқылауы мүмкін.

Саммит басында Путин Байденге кездесу ұйымдастыруды "ұсынғанына" алғыс айтып, Женевадағы жиын нәтижелі болады деп үміттенетінін жеткізген. Байден де Путинге алғыс білдіріп, кездесуде Ресей мен АҚШ-тың қай салаларда серіктестік орната алатыны анықталар деген.

Женевадағы келіссөз Байденнің бастамасымен өтіп жатыр. АҚШ президенті Путинмен кездесуге дейін G7 елдері лидерлерінің және НАТО саммитіне қатысқан. Ресей 2014 жылы Қырымды анексиялап алған соң "Үлкен жетілік" саммитінен шығарылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG