Accessibility links

Reuters: Еуроодақ "Спутник V" вакцинасын күзде мақұлдайды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Еуроодақ коронавирусқа қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасын мақұлдауды күзге, тіпті жыл соңына қалдырады. Бұл туралы осы мәселемен таныс дереккөзге сүйенген Reuters агенттігі хабарлады.

Агенттіктің жазуынша, Ресей тарабы белгіленген мерзім – 10 маусымға дейін вакцинаны клиникалық сынақтан өткізу кезеңіндегі қажетті деректермен қамтамасыз етпеген. Бұған дейін бірқатар маман "қажетті дерек бермегені үшін" немесе "деректермен шатыстырғаны үшін" "Спутник" өндірушілерін сынаған.

Осыған дейін Еуропаның дәрі-дәрмек жөніндегі агенттігі (EMA) мамыр немесе маусым айында "Спутникті" одақ аумағында пайдалануға рұқсат береді немесе тыйым салады деген болжам айтылған.

Вакцинаны шетелде таратумен айналысатын ресейлік тіке инвестиция қоры (РФПИ) Reuters агенттігінің ақпаратын терістеді.

"Процедура мерзімі бойынша шешім қабылдау EMA-ның айрықша құзыреті болғанмен "Спутник V" командасы вакцинаны екі ай ішінде тіркетеміз деп үміттенеді" делінген қор мәлімдемесінде.

РПФИ сонымен бірге агенттікке қажетті құжаттардың барлығын өткізгенін, ал клиникалық тәжірибені тексеру нәтижесі бойынша оң пікір алғанын айтты.

Қазір "Спутникті" Еуроодақтың екі мемлекеті: Венгрия мен Словакия ресми түрде мақұлдаған. Бірақ вакцина тұтас одақ аумағында мақұлданбаған. Вакцинаны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы да әзірге мақұлдамады. Соған қарамастан Ресей тарабы вакцинаны жеткізу бойынша ондаған елмен келісім-шарт жасасып қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG