Accessibility links

Ресей СІМ АҚШ-пен тұтқын алмасу мәселесін қарай бастағанын мәлімдеді


Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.
Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова.

Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова RTVI телеканалына берген сұқбатында Мәскеу мен Вашингтон арасында тұтқын алмасу мүмкіндіктерін қарастыра бастағанын мәлімдеді.

Ол екі елдің тұтқын алмасу процесі жария түрде талқыланбауы тиіс деп атап өтті.

"Біз ашықтықты насихаттайтын мекемеміз, бірақ кейде тыныштық сақтауы тиіс сәттер болады" деді Захарова.

Ресей президенті Владимир Путин сәрсенбі күні Джо Байденмен кездесуден кейінгі баспасөз мәслихаты кезінде АҚШ пен Ресей тұтқын алмасуда ортақ мәмілеге келуі мүмкін деген пікірін жеткізген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG