"Манас" халықаралық әуежайында ПТР тест тапсыратын зертхана тәулік бойы жұмыс істейді. Бұл туралы әуежайдың баспасөз қызметі хабарлады.
COVID-19 вирусының бар, жоғын анықтайтын ПТР тест қабылдайтын AMSBIO зертханасы "COVID-19-сыз саяхаттаймын" тіркемесінің мүшелегіне кірді.
Бұдан былай әуежайдан ПТР тестін тапсырам дегендер, ұшу уақытынан 4-5 сағат бұрын келуі керек.
Денсаулық сақтау министрі Алымкадыр Бейшеналиев Қырғызстанға тек ПТР тестің анықтамасы бар жолаушылар ғана кіргізілетінін ескерткен.
Әлемнің бірқатар мемлекеті ПТР тест тапсырмаған азаматтарды еліне кіргізуге тыйым салған.