"Ел тірегінің" шеруі һәм Байболат Күнболатұлының ісі
Қытайдағы қуғын-сүргін туралы айтып жүрген Байболат Күнболатұлының қамалуына наразылық білдірушілер Алматыдағы полиция департаменті алдында түнеді; "Ел тірегі" дейтін партия құратынын айтып, оны тіркете алмай жүрген белсенділер Нұр-Сұлтанда шеру өткізіп, үкіметтің отставкаға кетуін талап етті.