Accessibility links

Тәжікстанда танымал дәрігер коронавирустан қайтыс болды


Дәрігер Фарида Мансурова.
Дәрігер Фарида Мансурова.

Тәжікстанда медицина ғылымдарының докторы, профессор, гепатолог-дәрігер Фарида Мансурова қайтыс болды.

Марқұмның туыстарының айтуынша, дәрігер коронавирус жұқтырған.

Танымал дәрігердің нақты неден қайтыс болғаны ресми мәліметтерде айтылмады.

Фарида Мансурова – атақты тәжік дәрігері Хамид Мансуровтың қызы. Фарида 1975 жылы Тәжік мемлекеттік медициналық университетін қызыл дипломмен бітіріп, екі жыл ординатурада оқыған. 1977-2008 жылдары Гастроэнтерология институтында жұмыс істеген.

Медицина ғылымдарының докторы Фарида Мансурова 2003 жылы Е. Павловский атындағы сыйлыққа ие болды.

Былтыр коронавирус эпидемиясы басталған уақытта Фарида Мансурова Душанбеде дәрігер маман жетіспейтіндігін айтқан.

"Айлықтың аздығынан дәрігерлер аурухананы тастап, базарға шығып кетті. Билік бесінші курс студенттерін тартатын шығар. Бірақ мәселе бұлай шешілмейді. Оның үстіне медициналық аппараттар жеткіліксіз" деген Мансурова.

Бұқаралық ақпарат құралдары соңғы күндері оннан астам тәжікстандықтың коронавирустан қайтыс болғанын хабарлады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG