Accessibility links

Тәліптерден қашып, Тәжікстанға өткен ауған сарбаздарының саны 500-ден асты


Тәжікстандық әскери.
Тәжікстандық әскери.

Ауғанстанның жүздеген әскериі "Талибан" содырларынан қашып, Тәжікстанға өткен. Бұл туралы Тәжікстанның қауіпсіздік комитеті хабарлады.

Тәжікстан тарабының мәліметінше, 4 шілдеде тәліптер Ауғанстандағы Бадахшан провинциясындағы Хохон уездін еш қарсылықсыз алған.

"Ауғанстан қаруды күштерінің 94 сарбазы өмірлерін сақтау үшін мемлекеттік шекараны Шохон бөлімшесінен кесіп өтіп, Тәжікстанға өтті" деді Тәжікстан қауіпсіздік комитеті.

Бұл аймақ Ауғанстанның Бадашхан провинциясындағы Хохон уезіне қарсы орналасқан, екі аймақты көпір жалғап тұр.

Ресми мәлімет бойынша, Ауғанстанның 545 солдаты Тәжікстанға қашқан. Сенбі, 4 шілдеде ауғанстандық 300-ден аса сарбаз Тәжікстанға өткен еді.

"Тәжікстан шекарашылары гуманизм мен көршіге құрмет принципіне сай, Ауғанстан әскерилерін ел аймағына өткізді" деді шекара қызметі.

Ауғанстандағы жағдай Орталық Азия мен көрші елдерді алаңдатып отыр. 4 шілдеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Ауғанстан президенті Мухаммад Ашраф Ганимен телефон арқылы сөйлесіп, ауған солдаттарының Тәжікстанға өтіп жатқанын талқылаған.

Тәжік президенті "Ауғанстанның ішкі ісіне араласпайтынын, бірақ елде бейбітшілік орнату үшін қолдау көрсетуге дайын екенін" жеткізген.

БҰҰ Ауғанстан мен "Талибанды" 2020 жылы кыркүйекте АҚШ-тың қолдауымен басталған келіссөзге қайта оралуды талап еткен. Бірақ АҚШ Ауғанстаннан әскерилерін алып шыға бастаған тұста тәліптер шабуылды үдетті. Қазір "Талибан" елдегі біраз аумаққа бақылау орнатты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG