Accessibility links

Өзбекстан премьер-министрі латын әліпбиіне көшуді жылдамдатуды тапсырды


Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов.
Өзбекстанның премьер-министрі Абдулла Арипов.

Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов министрліктер мен мекемелердің барлығына латын қарпіне негізделген өзбек әліпбиіне өтуді тездеуін тапсырды.

Бұның алдында, биыл 10 ақпанда үкімет латын қарпіне біртіндеп өтуді көздейтін "жол картасын" бекіткен. Құжатқа сәйкес, елді мекендер мен көше атаулары, терминдер, ұйым аттары, жарнамалар, хабарламалар, бұқаралық ақпарат құралдарындағы насихат 2022 жылдың желтоқсанына дейін латын қарпіне негізделген өзбек әліпбиіне көшуі керек.

Үкімет басшысы көздеген межеге биыл Өзбекстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына дейін жетуді тапсырып отыр.

2017 жылы Қазақстан үкіметі 2025 жылға дейін латын алфавитіне көшуді жоспарлаған. Осыған ұқсас талпыныстар Қырғызстанда да байқалған. Орталық Азияда латын әліпбиіне көшу совет мұрасы мен Ресей ықпалын азайту талпыныстарымен байланысты. Көптеген республикаларда басқа жазу болған, бірақ совет билігі тұсында олардың жазуы кириллицаға ауыстырылды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG