Accessibility links

Орхан Инандыны ұрлап әкеткен Түркия оған "террор ұйымын құрды" деп айып тақты


Орхан Инандының суреті мен плакаттар ұстаған наразылар. Бішкек, 16 маусым 2021 жыл.
Орхан Инандының суреті мен плакаттар ұстаған наразылар. Бішкек, 16 маусым 2021 жыл.

6 шілдеде Түркияның мемлекеттік "Анадолу" ақпарат агенттігі Орхан Инандыға террор ұйымын құрды және оған жетекшілік етті" деген айып тағылғанын хабарлады. Сонымен бірге 2001 жылдан бері ФЕТО ұйымының Қырғызстандағы жауапты адамы болғаны анықталды деген мәлімет таратты.

Ақпаратта Инанды ByLock телефон тіркемесін пайдаланғаны, Түркиядан Қырғызстанға қашқан ұйымның мүшелеріне саяси баспана сұрағаны айтылған. Одан бөлек ұйымның жоғарғы дәрежелі 25 мүшесіне Қырғызстанның төлқұжатын заңсыз алып бергені анықталды деп жазылған.

Қырғызстан төлқұжатын алғандардың арасында Түркияда "террорлық ұйым құрды" бабымен іздеуде жүрген Мұстафа Өзжан мен Али Челиктің де есімдері аталған.

Орхан Инанды 1 маусымға қараған түні жоғалып кеткен. Оның жақтастары бірнеше рет акция өткізіп, биліктен табуын талап етіп келді.

Инанды 2012 жылы Қырғызстан азаматын алған. Ол сонымен бірге Түркия азаматтығынан да бас тартқан емес. Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитеті оның қалай азаматтық алғанын зерттеп жатқанын хабарлады.

5 шілдеде түрік президенті Режеп Тайып Ердоған Инанды Түркияға жеткізілгенін жариялаған.

Осыған байланысты Қырғызстанның сыртқы істер министрлігі Түркия елшісіне нота тапсырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG