Accessibility links

БҰҰ: Шығыс Украинадағы сепаратистер тұтқындарды "жүйелі түрде" азаптайды


Ресейге арқа сүйейтін сепаратистер бақылауындағы Донецкідегі "Изоляция" түрмесі. Әлеуметтік желіде жарияланған сурет.
Ресейге арқа сүйейтін сепаратистер бақылауындағы Донецкідегі "Изоляция" түрмесі. Әлеуметтік желіде жарияланған сурет.

БҰҰ Украинаның шығысындағы Ресейге арқа сүйейтін сепаратистердің бақылауындағы аумақта қамауда ұстап отырған тұтқындарды азаптау мен оларға қатыгездік көрсету – күн сайын болатын құбылысқа айналған деген ақпар таратты. 9 шілдеде БҰҰ-ың Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының орынбасары Нада Әл-Нашиф Донецкідегі "Изоляция" түрмесінде және Украинаның шығысындағы сепаратистер басқаратын бөліктердегі өзге де қамау орындарында адам құқықтары "өрескел аяққа тапталатынын" мәлімдеді.

Женевада орналасқан БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі кеңесінің отырысында Нашиф Украинаның шығысындағы адамдарды тұтқындау, азаптау және оларға қатыгездікпен қарау, сонымен бірге Қырымдағы адам құқықтары ахуалы туралы баяндамасын оқыған еді. Ол Украинаның шығысында заң бұзу "күн сайын және жүйелі түрде жалғасып келе жатқанын" айтты.

Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың орынбасары Украинаның шығысында қақтығыс басталғаннан бері қамау алынған шамамен 4000 тұтқынның үкімет күштерінің бақылауындағы территорияда да, сепаратистер басқаратын аумақта да тұтқындар азапталатыны немесе оларға қатыгездік танытатыны жайлы айтты.

Нашиф қақтығыстың алғашқы кезеңінде қолға түскен азаматтардың азаптау мен қатыгездіктен көз ашпағанына, уақыт өте келе, әсіресе үкімет бақылауындағы аймақтарда мұндай жайттардың азайғанына назар аударды. Үкімет бақылауындағы аймақтарда "2016 жылдың аяғынан бастап қақтығыс себебінен заңсыз тұтқындалғандарды ұзағырақ, бірнеше күннен астам қамауда ұстау жайттары айтарлықтай азайды" деді ол.

Бірақ ресейшіл сепаратистер бақылауындағы аумақта "басым көпшілігі" қақтығыстарға байланысты ұсталған тұтқындарды заңсыз қамауда ұстау әлі де жалғасып отыр" деді баяндамашы.

Бұған қоса Нашиф Ресейдің Қырымда адам құқықтары туралы халықаралық заңдар мен халықаралық гуманитарлық заңдардың ережелерін үнемі бұзып отырғанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG