Accessibility links

Ауыл шаруашылығын басқару бұрынғы қаржы вице-министріне жүктелді


Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы болып тағайыналды.
Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрі міндетін атқарушы болып тағайыналды.

44 жастағы Ербол Қарашөкеев ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары – министр міндетін атқарушы болып тағайындалды. Бұл туралы ақпарат 10 шілдеде үкімет сайтында жарияланды.

Кейінгі үш айдан астам уақыт ауыл шаруашылығы министрі болған Сапархан Омаровты 10 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев биыл елдің бірқатар аймағында қуаңшылықтан азық жетіспей, мал қырылғанына байланысты сөгіп, қызметінен алды.

Ербол Қарашөкеев кейінгі үш айға жетер-жетпес уақыт қаржы министрінің орынбасары болып істеген. Оған дейін президент әкімшілігінде қызмет атқарған, "ҚазАгро" мемлекеттік холдингінде басқарма төрағасы лауазымында болған. Бұл холдинг ауыл шаруашылығы саласындағы миллиардтаған теңге қаржы бөлінгенімен іске аспай, шығынға ұшыраған жобалары үшін талай рет сынға қалған.

Биыл жазда Қазақстанның бірқатар аймағында қатты қуаңшылық болып тұр. Әсіресе Маңғыстау мен Қызылорда облыстарында өте қиын жағдай қалыптасқан. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Маңғыстау өңірінде мыңнан астам, Қызылорда облысында 500-ге жуық мал басы шығын болған.

Маңғыстау облысын қуаңшылық қысып, жұрт малға "картон беріп жатыр"
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:48 0:00

Бұған дейін ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Қазақстан заңы бойынша, мал шығыны тек қана "эпизоотиялық жағдай болса ғана төленетіндіктен", үкімет қуаңшылық салдарынан малы қырылған шаруаға шығынын өтемейді деп мәлімдеген.

Қазақстан әлемде бидайды экспортқа шығаратын елдер қатарына кіреді. Бұған қоса елде ет және май өнімдері де өндіріледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG