Accessibility links

Грузияда телеоператор өлімінен кейін журналистер премьердің отставкасын талап етті


Парламент маңындағы наразылық.
Парламент маңындағы наразылық.

Грузия астанасы Тбилисиде 37 жастағы телеоператор Лексо Лашкаравтың өлімінен кейін жаппай наразылық шарасы басталды. Ол 5 шілдеде гей-парад кезінде ЛГБТ қауымдастығына қарсылар тарапынан шабуылға ұшыраған.

Еуропа одағы мен АҚШ Грузия билігін журналистерге шабуыл жасағандарды анықтап, тергеу ісін әділ жүргізуге шақырған.

АҚШ-тың Грузиядағы елшілігі журналистерге шабуыл жасағандардың бәрін қамауға алуға шақырған.

"Әрбір грузин журналисінің қауіпсіздігі мен демократияға сенім болуы үшін бейбіт тұрғындарға және журналистерге шабуыл жасағандар заң аясында міндетті түрде жауапкершілікке тартылып, жазасын алуы керек" деп мәлімдеді АҚШ елшілігі.

Гей-парад өту жоспарланған 5 шілдеде радикалды топтар журналистерге шабуыл жасады. Осыдан кейін марш өтпей қалды. Кемінде 50 БАҚ өкілі зардап шекті.

Азаттықтың Грузин қызметінің хабарлауынша, сол шабуылдан Лашкарав зардап шегіп, ауруханаға жатқызылған. Оған ота жасалынып, үш күннен кейін, үйіне шығарылған. Бірақ жексенбі күні пәтерінде өлі күйінде табылды.

Премьер-министр Ираклий Гарибашвили бұл оқиғаны "адам сенгісіз трагедия" деп атады.

Журналистердің айтуынша, 5 шілдеде өтуі тиіс марш алдында президент ЛГБТ маршына қарсы мәлімдеме жасаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG