Accessibility links

Өзбекстанда Covid жұқтырғандар күрт артып, қосымша емдеу орындары ашылып жатыр


Коронавирус жұқтырғандарға арналған уақытша орындар. Өзбекстан.
Коронавирус жұқтырғандарға арналған уақытша орындар. Өзбекстан.

Өзбекстанның екі облысында коронавирус пен пневмония жұқтырғандар саны күрт өсуіне байланысты қосымша емдеу орталықтары ашылып жатыр.

Самарқанд облысында спорт кешенінде науқастарды емдейтін 1000 орын ашылды.

Наманган облысы орталығындағы "Баркомол авлод" спорт кешені ішінен 400 науқасты емдейтін емшара орны ашылды.

Бұдан бөлек Ташкенттегі Учтепин ауданындағы спорт кешенінде де қазір науқастар емделіп жатыр.

Орталық Азиядағы халқы ең көп мемлекетте кейінгі күндері күніне шамамен 500-ге жуық науқас анықталып жүр. 11 шілдеде 3 адам коронавирустан қайтыс болған. Індет басталғалы бері 116 мыңнан астам адам Covid-ке шалдыққан. 111 мыңы жазылған, 774 науқас қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG