Accessibility links

Бұрынғы бас мүфти Әбсаттар Дербісәлі қайтыс болды


Әбсаттар Дербісәлі.
Әбсаттар Дербісәлі.

15 шілдеде 74 жасына қараған шағында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бұрынғы төрағасы Әбсаттар Дербісәлі қайтыс болды. Бұл туралы Facebook-тағы парақшасында Яссауи атындағы Қазақ-түрік университетіне қарасты Түркология ғылыми-зерттеу институтының директоры Досай Кенжетай хабарлады.

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы ақпаратты растады. ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша, кейінгі бірнеше күнде реанимация бөлімінде жатқан Әбсаттар Дербісәлінің жағдайы нашарлаған. Мүфтидің жеке жүргізушісінің сөзіне сүйенген Tengrinews сайтының жазуынша, Дербісәлі "пневмонияға шалдыққанмен кардиология бөлімінде көз жұмған".

Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының қазіргі басшысы Наурызбай Тағанұлы мен ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева марқұмның отбасына көңіл айтты.

Әбсаттар Дербісәлі 1947 жылы 15 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түлкібас ауданында дүниеге келген. Филология ғылымдарының докторы, профессор, академик және дипломат Әбсаттар Дербісәлі 2013 жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы қызметінен босады. Ол басқармаға 13 жыл жетекшілік еткен. Сол жылы Рамазан Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры болып тағайындалған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG