БҰҰ Балалар құқығы жөніндегі комитетінің есебінше, Мьянмада ақпанда әскери төңкерістер бері 76 бала қаза болып, мыңға жуығы қамалған. Бұл туралы комитет 16 шілдеде хабарлады.
"Мьянмада балалар әскери төңкерістің кесірінен өмірлерін жоғалтып жатыр. Балаларға күш қолданған. Олар қаңғыған оқтың құрбаны болды" деді комитет өкілі Микико Отани.
1 ақпанда Мьянма әскерилері төңкеріс жасап, елдің лидері Аун Сан Су Чжиді, президент Вин Мьинтті және биліктегі Демократияшылдардың ұлттық лигасы партиясының бірнеше белді мүшесін қамауға алған.
Төңкерістен бері елдің түкпір-түкпірінде әскери үкіметке қарсы наразылық болып жатыр. Көтерілісті басып-жаншу кезінде кемінде мың адам қаза тапты, 2600-ге жуық адам тұтқындалды.
Су Чжиге өмір бойы лауазымды қызметпен айналысуға тыйым салуды қарастыратын бірқатар қылмыстық айыптар тағылған.
ПІКІРЛЕР