Accessibility links

Төртінші күн қатарынан 5 мыңнан астам Covid науқасы тіркелді


Қазақстанда 17 шілде күні 5493 адамның анализінен коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы індетпен күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Аймақтар бойынша, көш басында Нұр-Сұлтан (1419 науқас), Алматы (884) және Қарағанды облысы (735).

Қалған өңірлердегі тәулік көрсеткіші мынадай:

  • Шымкент қаласында – 370,
  • Ақмола облысында – 176,
  • Ақтөбе облысында - 179,
  • Алматы облысында - 162,
  • Атырау облысында - 277,
  • Шығыс Қазақстан облысында - 81.
  • Жамбыл облысында - 57,
  • Батыс Қазақстан облысында - 266,
  • Қостанай облысында - 124,
  • Қызылорда облысында - 140,
  • Маңғыстау облысында - 210,
  • Павлодар облысында - 175,
  • Солтүстік Қазақстан облысында - 95,
  • Түркістан облысында - 143.

Елде 14 шілдеден бері күн сайын 5 мыңнан астам науқас тіркеліп келеді. Індет басталғалы ауруға шалдыққандардың жалпы саны 488 905-ке жетіп отыр. Бұл вирус жұқтырғаны ПТР тестімен расталғандар ғана. Бұдан бөлек ПТР тесті теріс нәтиже көрсетіп, бірақ ауру белгілері коронавирустыкіне ұқсайтын пневмония есебі бар. Үкімет бұл есепті былтыр 1 тамызда бастаған. Содан бері пневмонияның бұл түріне 58 мыңнан астам адам шалдыққан.

Індеттің күрт өршуін "дельта" вариантының тарауымен байланыстырады. Коронавирустың бұл варианты Қазақстанда маусымының соңында тіркелген. Жұқпалығы және өлім қаупі жоғары бұл вариант қазір әлемнің жүзден астам елінде анықталып, доминант вариантқа айналып келеді.

Зерттеулер қолда бар вакциналардың "дельта" вариантынан қорғай алатынын көрсетіп отыр.

17 шілдедегі дерек бойынша, Қазақстанда 4 миллион 835 мың адам коронавирус екпесінің кемі бір компонентін салдырған. Екпені толық алғандар саны 2,7 миллион.

Елде ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac, қытайлық Hayat-Vax және CoronaVac екпелерін салады. Кейінгі аптада соңғы екеуінің қоры сарқылып қалған. Ал QazVac екпесінің көлемі өндіріс қуатының әлсіздігіне байланысты шектеулі болып отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG