Accessibility links

Эпидкарта: "Жасыл" аймақта ешқандай өңір қалмады


Қазақстанның эпидемиялық картасы. 2021 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша.
Қазақстанның эпидемиялық картасы. 2021 жылғы 17 шілдедегі жағдай бойынша.

18 шілдедегі ақпарат бойынша, Қазақстанның эпидемиялық картасында "жасыл" аймақта жалғыз қалған Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары індеттің күш алуына байланысты "сары" аймаққа ойысқан.

Індет басталғалы аймақтар бойынша ең төменгі орындарда болып келген Түркістан облысында 17 шілде күні тәулік рекорды жаңарды. Облыста коронавируспен 143 науқас тіркелді. Алдыңғы күні 93, оған дейін 34 науқас анықталған.

Былтыр күзде коронавирустың тарауы бойынша аймақтар көшін бастаған Шығыс Қазақстан облысында өткен тәулікте 81 науқас анықталған. Арғы күні 82, оған дейін 63 науқас тіркелген.

"Сары" аймақта Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарымен бірге Алматы және Жамбыл облыстары бар.

17 шілдеде Алматы облысында 162 науқас, Жамбыл облысында 57 науқас тіркелген.

Қалған өңірлер түгел "қызыл" аймақта. Эпидкартада Қазақстан Республикасының жалпы көрсеткіші де бар. Республика 27 маусымнан бері "қызыл" аймақта.

Денсаулық сақтау министрлігі өңірлерді бұл үш аймаққа вирустың тарау қарқынына байланысты бөледі. Өңірдің қай аймақта болуы ондағы карантин шектеулерінің ауқымын анықтайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG