Accessibility links

Тәжікстанда Сириядан қайтарылған балаларды туыстарына беруге уақытша тыйым салынды


Иракта соғыс аймағынан әкелінген балаларға туыстарымен кездесуге уақытша тыйым салынды. Бұл жөнінде Тәжікстанның Балалар құқығы жөніндегі уәкілі Мижгоан Бобожонзода хабарлады.

Оның сөзінше, екі жыл бұрын әкелінген балалар мектеп-интернатта оқып жатыр. Бірақ олардың қашан туыстарына берілетіні белгісіз.

"Қазір тиісті мекемелер бұл мәселені шешіп жатыр" деді Мижгоан Бобожонзода.

Құқық қорғаушы Үмүт Бобозода балалардың мемлекет қамқорлығында болғаны жақсы дейді.

"Балалар соғыс жүрген аумақтан келді. Олардың басынан көп қиындық өтті. Олар тәжік тілін білмейді. Қазір үйреніп жатыр" деді ол.

Кей ақпаратқа қарағанда, балалар туыстарына Тәуелсіздік мейрамынан кейін қайтарылуы мүмкін.

2019 жылдың 30 сәуірінде Ирактағы соғыс аймағынан 84 тәжікстандық жеткізілген.

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон 9 сәуірде Сириядан 500 тәжікстандық әйел мен бала қайтарылғанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG