Accessibility links

Меккеге қажылық сапар басталды: Тек вакцина алғандарға ғана рұқсат етілді


Мұсылман қауымы үшін жексенбіде Меккеге қажылық сапар басталды деп хабарлады саудиялық "Ихбария" телеарнасы.

Қажылық сапар екі жыл қатарынан коронавирус індетіне байланысты шектеулі түрде жүріп жатыр. Биыл бұл іс-шараға тек жергілікті тұрғындар мен Сауд Арабиясында тұратын шетелдік азаматтар ғана қатыса алады.

Биыл 60 мың адам ғана парызын орындай алады. Пандемияға дейін әлемнің түкпір-түкпірінен 2,5 миллионға жуық мұсылман баратын. Саудия билігі маусым айында зияратқа 18-65 жас арасындағы COVID-19-ға қарсы екпені толық алған азаматтарға ғана рұқсат берілетінін жариялаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG