Accessibility links

Маңғыстау облысында түрменің төбесі құлап, екі сотталушы қаза болды


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Маңғыстау облысында ГМ-172/6 түрмесінде екіқабатты ғимараттың төбесі құлап, екі адам қаза тапты, бірнеше адам жараланған.

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің хабарлауынша, оқиға 19 шілде кешке болған.

"Жатақхананың төбесі құлаған кезде іште он адам болған, тоғызы шығарылды. Екі адам жарақаттанып, қайтыс болды, қалғандарының жағдайы бірқалыпты. Зардап шеккендер тексерілу үшін ауруханаға жеткізілді. Тағы бір сотталушыны іздеп жатыр" деді комитет.

Қазір оқиғаға байланысты тергеу басталғаны хабарланды. Ақтаудағы колонияға төтенше жағдай департаменті қызметкерлері, полицейлер мен прокурорлар келген.

Қазақстандағы түрмелердің көбі Совет одағы кезінде салынған.

АҚШ Мемлекеттік департаментінің әлемдегі адам құқығы жайлы есебінде Қазақстандағы түрмелердегі жағдай "қатаң әрі өмірге қауіпті", ал "ғимараттары халықаралық санитарлық нормаларға сай келмейді" деген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG