Accessibility links

Оралда қамауда отырған екі белсендінің апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады


Зейнетке шығу жасын азайтып, зейнетақыны өсіруді талап етіп тұрған Орал тұрғыны Бекболат Өтебаев. 17 наурыз 2021 жыл.
Зейнетке шығу жасын азайтып, зейнетақыны өсіруді талап етіп тұрған Орал тұрғыны Бекболат Өтебаев. 17 наурыз 2021 жыл.

30 шілдеде Оралда қатарынан екі сот отырысы өтті. Онда екі белсенді Маруа Ескендірова мен Бекболат Өтебаевтың апелляциялық шағымы қаралды. Екеуі де соттан "бір жыл ішінде заңсыз митингіге бірнеше рет қатысқаны үшін" қамау туралы шешімнің күшін жоюды сұраған.

Белсенділердің адвокаты Юрий Кобзырев 24 шілде күнгі әкімшілік соттың қаулысын даулау үшін екі шағым түсірді. Ол кезде Маруа Ескендірова – 10 тәулікке, Бекболат Өтебаев 10 күнге қамалған еді.

— Ескендірова мен Өтебаев 23 шілдеде ұсталды. Оларды ұстаған адамдар өздерін таныстырмады, құжаттарын көрсетпеді. Оның үстіне менің қорғауымдағы азаматтар бөлімшеге келмеді дейтіндей бұған дейін полицияға шақыру алмаған. Екеуі де адам төзгісіз полиция бөлімшесінде қонып шықты. Менің ойымша, бұл адам құқығын өрескел бұзу, соттан қамау туралы шешімнің күшін жоюды сұраймын, — деді адвокат Юрий Кобзарев сотта.

Сот шағымды қанағаттандыруға негіз жоқ деп тауып, шешімді өзгеріссіз қалдырды.

Сот отырысы кезінде Бекболат Өтебаев қамаудың бірінші күнінен бері ас-судан бас тартып, құрғақ аштық ұстап отырғанын хабарлады. Белсенді бұл әрекетін "сот қаулысына наразылық" деп атады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG