Accessibility links

ХОК Мао төсбелгісін таққан Қытай велоспортшыларының әрекетін тексереді


Велотректен олимпиада чемпионы атанған Бао Шаньцзюй мен Чжун Тяньши тұғырға елдің экс-басшысы Мао Цзедуннің төсбелгісін тағып шықты. Токио, 3 тамыз 2021 жыл.
Велотректен олимпиада чемпионы атанған Бао Шаньцзюй мен Чжун Тяньши тұғырға елдің экс-басшысы Мао Цзедуннің төсбелгісін тағып шықты. Токио, 3 тамыз 2021 жыл.

Халықаралық олимпиада комитеті 3 тамызда Қытай командасынан Токиода алтын алған екі велоспортшының марапаттау рәсіміне Мао Цзэдуннің төсбелгісін тағып шыққанын түсіндіруді сұрады.

Велотректен олимпиада чемпионы атанған Бао Шаньцзюй мен Чжун Тяньши тұғырда елдің экс-басшысы Мао Цзедуннің төсбелгісін тағып тұрды.

Олимпиада хартиясына сай, спортшылар тұғырда, жарыс кезінде саяси көзқарастарын білдіруге, саяси атрибуттар тағып шығуға болмайды. Атлеттерге тек жарысқа дейін және жарыстан соң ойларын айтуға рұқсат. Бұдан бөлек, ХОК атлеттерге матч алдында тізе бүгіп, расизмге қарсылық білдіруге де мүмкіндік берген.

"Қытай ұлттық олимпиада комитетіне хабарласып, жағдайды түсіндіруді сұрадық. Бұл мәселені тексереміз" деді ХОК ресми өкілі Марк Адамс.

Бао Шаньцзюй мен Чжун Тяньши тұғырға елдің экс-басшысы Мао Цзедуннің төсбелгісін тағып шықты. Токио, 3 тамыз 2021 жыл.
Бао Шаньцзюй мен Чжун Тяньши тұғырға елдің экс-басшысы Мао Цзедуннің төсбелгісін тағып шықты. Токио, 3 тамыз 2021 жыл.

Мао Цзэдун Қытайды 1949 жылдан бастап өмірінің соңына дейін (1976 жыл) басқарған. Оның Қытай ауыл шаруашылығы мен өндірісін модернизациялау саясатының салдарынан елде 45 миллион адам аштықтан қаза болған.

Қытайдың мемлекеттік басылымы Global Times желідегі парақшасында Токиодағы екі велоспортшының тұғырдағы әрекетін мақтап пост жариялағанымен, кейін алып тастады.

ХОК қазір АҚШ жеңіл атлеті Рейвен Сондерстің де әрекетін тексеріп жатыр. Әйелдер арасында балға лақтырудан күміс медаль алған Сондерс тұғырда қолын айқастырып, Х белгісін көрсеткен еді.

Рейвен Сондерс қолын айқастырып, Х белгісін көрсетіп тұр. Токио, 1 тамыз 2021 жыл.
Рейвен Сондерс қолын айқастырып, Х белгісін көрсетіп тұр. Токио, 1 тамыз 2021 жыл.

Кейін атлет NBC телеарнасына берген сұхбатында "бұл – езгі көрген барлық жан тоғысатын белгі" деді.

Cондерстің бұл әрекетін қолдап жатқандар көп.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG