Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті вебкам-студиялар ұйымдастырып, қылмыспен келген табысты заңдастырған топты әшкерелегенін хабарлады.
Комитет мәліметі бойынша, бұл топ Бішкек қаласында 15-тен астам вебкам-студия ашқан. Бір ғана студия аптасына 90-100 мың доллар табыс әкелген.
"Бірақ табыстың 5-10 пайызы ғана осы салада жұмыс істейтіндерге тиген" деп хабарлады арнайы қызмет.
3 тамызда күштік құрылымдар қылмыстық топты ұйымдастырушыларды ұстаған. Тінту барысында 27 мың доллар, компьютерлер және "онлайн-режимде интим қызметін ұсынуға арналған заттар" тәркіленді.
"Басты ұйымдастырушы П.И. комитеттің тергеу изоляторына қамалды" делінген ресми мәліметте.
ПІКІРЛЕР