Accessibility links

Covid: Бір күнде 8,1 мың науқас анықталды, 155 адам қайтыс болды


Қалалық аурухана.
Қалалық аурухана.

5 тамызда Қазақстанда 7769 адамның анализінен коронавирус анықталды. Денсаулық сақтау министрлігінің жұма күнгі хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Елде ақпан айынан бері вакциналау науқаны жүріп жатқанына қарамастан індеттің беті қайтпай тұр. Кейінгі аптада науқастар мен адам өлімі бойынша рекордтық көрсеткіштер тіркеліп жатыр. Бейсенбі күні Нұр-Сұлтан мен Алматыда әрқайсысында – 1507, Қарағанды облысында – 1038, Шымкентте – 549 адамнан коронавирус табылған. Қалған облыстарда бір күнде анықталған науқастар 400-ге жетпейді.

Қазір Түркістан облысы коронавирустың тарауы бойынша "жасыл аймақта" тұр. Қалған облыстар мен қалалар "қызыл аймақта".

Елде коронавируспен байланысты адам өлімінің көрсеткіші жоғары. 4 тамызда 155 адам коронавирустан қайтыс болған: 26-сы коронавирус пневмониясынан көз жұмған деп айтылады.

Осы аптада денсаулық сақтау саласының мамандары адам өлімінің көбеюіне коронавирустың дельта вариантының жылдам таралуы және вакциналаудың баяулығы себеп деп мәлімдеген.

2020 жылдың наурыз айынан бер 618 мың адамның коронавирус тесті оң көрсеткен. 6531-і қайтыс болған.

Қазақстан билігі пневмонияның коронавирусқа ұқсас түрін 2020 жылдың тамызынан бері есептеп келеді. Содан бері 62 мың адамға сондай диагноз қойылған (4 тамызда 413 адам корнавирус пневмониясына шалдыққан), 3840-і қайтыс болған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қазір 107 мың адам коронавирустан емделіп жатыр. 30 мыңы стационарда жатыр. 2,2 мыңнан астам науқастың жағдайы ауыр. 187 науқас жасанды тыныс аппаратына қосылған.

Ресми мәлімет бойынша, Қазақстан халқының 30 пайызға жуығы коронавирусқа қарсы вакцинаның екі дозасын алған: 4,2 млн адамға екі дозасы салынған, 1,4 млн адам бір дозасын алған.

Қарай отырыңыз: "Осы аурудан ұлым о дүниелік болды". Шымкенттің ковид орталығындағы ахуал (5 тамыз 2021 жыл).

"Осы аурудан ұлым о дүниелік болды". Шымкенттің ковид орталығындағы ахуал
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:04 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG