Accessibility links

Америка барлау қызметі Ухань зертханасындағы вирус жайлы деректерге қол жеткізді


Американың барлау агенттіктері Уханьдағы вирусология институтында зерттелген вирус үлгілерінің базасына қол жеткізді. Документация вирус зертханадан тарады деген болжамды зерттеуге мүмкіндік береді. Бұл туралы жағдайдан хабары бар құпия дереккөзге сүйенген CNN арнасы хабарлады.

Ухань вирусология институты – коронавирусты зерттейтін әлемдегі санаулы ірі орталықтардың бірі. Коронавирустың жаңа түрі дәл осы қаладан тарап, індетке ұласқан. Бұл екі фактінің түйісуі ауру зертханадан тарады деген теорияның пайда болуына түрткі болған.

CNN-ның хабарлауынша, енді Американың барлау қызметінің дерек қорын зерттеп, болжамды тексеру мүмкіндігі бар. Ақпаратқа қарағанда, 22 мың вирус үлгісі суперкомпьютерлердің көмегімен зерттеледі.

Барлау қызметіне алынған деректерді сараптап, қорытынды жасай алатындай білікті маман қажет. Ол маманның құпия құжаттармен жұмыс істеу тәжірибесі де болғаны абзал және қытай тілін білуі тиіс.

Арна дереккөздері мұндай сарапшыны табу қиын болуы мүмкін деп болжайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG