Accessibility links

Covid рекорды жаңарды: 158 адам қайтыс болып, 8300-ден астам адамға вирус жұққан


Коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін орталық. Шымкент, 5 тамыз 2021 жыл.
Коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін орталық. Шымкент, 5 тамыз 2021 жыл.

Қазақстанда кейінгі бір тәулікте 7899 адамның ПТР-тест қорытындысы оларға коронавирус жұққанын анықтаған. 128 науқас жан тәсілім еткен.

Денсаулық сақтау министрлігі тағы 426 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылғанын, 30 адамның қайтыс болғанын хабарлады. Коронавирус жұқтырғандар саны Алматы (1506), Нұр-Сұлтан (1493) қаласы мен Қарағанды облысында (1008) көп. "Жасыл аймақтағы" Түркістан облысынан басқа облыстар мен ірі қалалардың барлығы коронавирус қаупіне байланысты қазір "қызыл аймақта" тұр.

Елде індет басталғалы бері 626 412 адамның ПТР тесті оң шыққан. Қазір 109 мыңнан астам адам емделіп жатыр, оның 30 мыңға жуығы стационарға жатқызылған. Осы кезге дейін елде коронавирустен 6531 адам қайтыс болған.

Ал 2020 жылдың 1 тамызынан бері коронавирус пневмониясы деген диагноз қойылғандар 62 990 адамға жетті. 3870-і көз жұмды.

Кейінгі мәлімет бойынша, Қазақстанда қазірге дейін вакцинаның екі компонентін 4,2 млн-нан астам адам алған, әзірге бірінші дозасын алғандар саны - 1,4 млн. Қазір елде негізінен ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac вакцинасын егіп жатыр.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің дерегінше, індет басталғалы бері әлемде 200 млн-нан астам адамға коронавирус жұққан, 4 млн адам қайтыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG