7 тамыз күні таңертең жергілікті уақытпен сағат 9:01 кезінде Шығыс Қазақстан облысы аумағында жер сілкінді.
Қазақстан білім және ғылым министрлігі сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік орталығының хабарлауынша, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 847 шақырымда, жердің 10 километр терең қабатындағы эпицентрінде сілкініс қуаты 4,2 магнитудаға жеткен.
Жерасты дүмпуі Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында 2-3 балл болып сезілген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.
ПІКІРЛЕР