Accessibility links

Байден Гонконг босқындарына АҚШ-та "шексіз" мерзімге қалуына рұқсат етті


АҚШ президенті Джо Байден.
АҚШ президенті Джо Байден.

АҚШ президенті Джо Байден Қытайдан сол елге қашып барған Гонконг тұрғындарына Пекин билігінің қудалауынан құтылуына көмектесу туралы меморандумға қол қойды деп хабарлайды ВВС. Құжатқа сәйкес, виза мерзімі таусылған гонконгтықтарға визаны ұзарту мүмкіндігін бере отырып, Америкада бір жарым жылға дейін еркін тұра беруіне рұқсат етілген. Бұған байланысты түсініктеме берген Байден Пекинді "Гонконгтағы адам құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтірді" деп айыптады.

Бұл шешім Қытай автономиясынан келген бірнеше мың иммигранттың жағдайын жеңілдетуді көздейді. Гонконгта 2019 жылғы наразылықтардың ең тегеурінді толқыны белең алғаннан кейін Қытай билігі билікке бағынудан бас тартқан белсенділерге, тәуелсіз БАҚ пен кәсіпкерлерге ауқымды түрде қысым көрсетуді мықтап қолға алған еді.

Қытай (жауап шара ретінде) Вашингтонға наразылық білдіріп, ол меморандумды "(Қытайдың) ішкі ісіне араласу" және "халықаралық құқықты бұзу" деп атады.

Бұған дейін Ұлыбритания да осындай көмек көрсету туралы шешім қабылдаған еді. Гонконг бір ғасырға жуық, 1997 жылға дейін Ұлыбританияға қараған.

Лондон Ұлыбританияның шетелдік паспортына ие осы аймақ (Гонконг) тұрғындарына азаматтық алудың жеңілдетілген рәсімінен өтуді ұсынды. Бұл жаңа тәртіп, жалпы айтқанда, жеңілдетілген жолмен британ паспортын алу құқығын 5,5 миллион адамға беріп отыр деп айтуға болады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG