Accessibility links

Францияда ондаған мың адам "санитарлық диктатураға" қарсы наразылыққа шықты


"Санитарлық паспортқа" қарсы наразылық. Байонна қаласы, Франция. 7 тамыз 2021 жыл.
"Санитарлық паспортқа" қарсы наразылық. Байонна қаласы, Франция. 7 тамыз 2021 жыл.

Сенбі, 7 тамыз күні Францияда ондаған мың адам "санитарлық паспорт" жүйесіне қарсы наразылық акциясына шықты. Акция осымен төртінші сенбі қатарынан өтті. Euronews хабарына қарағанда, наразылық Францияның 150 қаласын қамтыған. Шерушілер осы арқылы коронавируспен күрес шараларын мақұлдаған конституциялық кеңес шешіміне де қарсылық танытты.

Жаңа шаралар аясында мәдениет және спорт кешендеріне вакцина сертификаты не теріс нәтижелі ПТР анықтамасы барлар ғана кіре алады. Заң екпе салдырмаған адамдарды жұмыстан шығаруға рұқсат береді.

Дүйсенбіден бастап Францияда дәмханаларға, сауда орындарына кіру үшін және алыс жолға жүретін пойыздарға міну үшін де "санитарлық паспорт" талап етеді. Халықтың бір бөлігі бұған үзілді-кесілді қарсы.

Жұма, 6 тамыз күні Италия да наразылыққа қарамастан осыған ұқсас шаралар қабылдады. Үкіметтің мәлімдеуінше, бұл жаңа оқу жылын қауіпсіздікті қамтамасыз ете отырып бастау үшін қажет.

Америкалық Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, Францияда індет басталғалы барлығы 6 миллион 350 мың адамнан коронавирус анықталған. Оның 112 мыңынан астамы қайтыс болған. Осы күнге дейін елде 33,4 миллион адам толық вакциналанған; бұл халықтың 49,7 пайызын құрайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG