Accessibility links

Латвия мигранттарға байланысты Беларусьпен шекарада төтенше жағдай жариялады


Босқындар лагеріндегі мигранттар. Вильнюс, 4 тамыз 2021 жыл.
Босқындар лагеріндегі мигранттар. Вильнюс, 4 тамыз 2021 жыл.

Латвия үкіметі мигранттар толқынына байланысты Беларусьпен шекарада төтенше жағдай жариялады. Бұл туралы Delfi сайты жазды.

Басылымның хабарлауынша, төтенше жағдай Лудзенск, Краславск, Аугшдаугавск өлкесі мен Даугавпилс қаласында 11 тамызда күшіне еніп, 10 қарашаға дейін созылмақ.

Шекарашыларға шекараны заңсыз кесіп өткен адамдарды Беларуське күшпен қайтаруға рұқсат берілген. Олар арнайы құралдарды да қолдана алады. Шекарашыларға әскер мен полиция көмектеседі.

Мемлекеттік шекара күзеті мен Азаматтық және көші-қон істері жөніндегі басқарма осы уақыт аралығында мигранттарға арнап өте қажет заттар мен азық-түліктерді жеңілдетілген тәртіппен сатып ала алады.

Осыған дейін Латвия ішкі істер министрі Мария Голубева заңсыз мигранттардың көбеюіне байланысты төтенше жағдай жариялауды сұраған. Ресми дерек бойынша, 6 тамыздан бері 283 адам шекарадан заңсыз өткен. Жыл басынан бері шекараның шығыс бөлігінде сақшылар көші- қон заңын бұзған 343 адамды анықтаған.

Мемлекеттік шекара күзетінің бастығы Гунтис Пуятс бұған дейін орталықта мигранттарды орналастыратын орын қалмағанын айтып, енді келгендерді палаткаларға жатқызуға мәжбүр екенін ескерткен.

Осыған дейін көрші Литва да заңсыз мигранттар толқынына кезіккен. Жыл басынан бері Литвада 4 мыңнан астам адам ұсталған. Литва билігі төтенше жағдай жариялап, шекараға темір тікені бар дуалдар орната бастады. Вильнюс Беларусьті заңсыз мигранттарға тосқауыл қоймай отыр деп айыптады. Литва СІМ 6 тамызда мигранттарға Беларусь арқылы Еуроодаққа өту қауіпті екенін ескерткен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG