Accessibility links

Канада "Талибан" қауіп төндірген ауған азаматтарын паналатады


Канада туы. Көрнекі сурет.
Канада туы. Көрнекі сурет.

Канада Ауғанстанда шетелдік коалиция күштерімен бірге жұмыс істегені үшін "Талибан" қозғалысы тарапынан қуғын-сүргінге ұшырауы мүмкін 20 мыңнан астам ауған азаматын паналатпақ. Бұл жайында Канада иммиграция министрі Марко Мендичино 13 тамызда хабарлады.

Мендичиноның сөзінше, үкімет жоспарының басты мақсаты – ерекше осал топтағы адамдарға көмек беру. Ондайлардың қатарына әйел белсенділер, құқық қорғаушылар, журналистер, қуғын-сүргінге ұшыраған діни азшылық өкілдері мен ЛГБТ қауымдастығы мүшелері жатады. Шара ауқымы Ауғанстаннан кеткісі келетіндерді де, қазірден-ақ ауған жерінен кетіп, көрші елдерде жүрген адамдарды да қамтиды.

Бұл қадам Канада үкіметіне қолғабыс тигізіп, аудармашы болған және Канада елшілігі қызметкерлері мен олардың отбасына қызмет қылған ауған азаматтарына баспана беру жөніндегі Канаданың бұдан бұрын жарияланған бастамасына қосымша іс-шара болып табылады деді Мендичино баспасөз мәслихатында. Оның айтуынша, Ауғанстанның түрлі бөлігін басып алған тәліптер белсенді іс-қимылын үдетіп бара жатыр. Мұндай ахуал "көптеген ауғандықтардың" өміріне қауіп төндіреді.

Мендичино Канада жеріне қоныс аудару бағдарламасын жүзеге асырудың нақты мерзімін айтпады. Әйткенмен осы елдің қорғаныс министрі Харжит Саджан Канада армиясының арнайы жасағы Ауғанстаннан қоныс аударушыларға байланысты іс-шараға қатысқанын мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG